Байқоңыр ғарыш айлағынан ирандық спутник ұшырылды

153

Ауыр класты зымыран сәтті ұшырылды.        

Байқоңыр ғарыш айлағынан ирандық спутник ұшырылды Фото: Роскосмос

Иранның Jam-e Jam 1 телекоммуникациялық спутнигі Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран-тасығышының көмегімен орбитаға шығарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңалықты ирандық БАҚ-тар жарыса жазды. Себебі, бұл аппарат Иран үшін геостационарлық орбитада қоғамдық телехабар таратуға арналған алғашқы спутник болып саналады. Jam-e Jam 1 ирандық мемлекеттік теледидардың хабар тарату құрылымында маңызды рөл атқарады деп күтілуде.

"Протон-М" ауыр класты зымырандарға жатады. Ол автоматты ғарыш аппараттарын Жер маңындағы орбитаға шығару, сондай-ақ алысырақ ғарыштық траекториялар бойынша ұшыру үшін қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу