Байқоңыр халқы Қазақстан дәрілерін пайдалана алмай отыр

1129

Қос елдің заңнамасы бойынша өмір сүретін халық дәріден жиі тапшылық көреді.  

Байқоңыр халқы Қазақстан дәрілерін пайдалана алмай отыр

Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов 10 айда атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Өзінің облыс әкімі ретінде бірінші рет бұл алаңға шығып тұрғанын айтқан әкім Байқоңыр халқының екі ел заңнамасындағы қайшылықтардың кесірінен дәрі-дәрмекті уақытыл ала алмай отырғанын айтты.

"Дәрі-дәрмекпен қамту бойынша барлық ауруханаларды тексерген болатынбыз. Емханалар мен дәріханаларды да тексердік. Дәрі-дәрмек негізінен жеткілікті. Қызылордада бар дәрілер Байқоңырда да жеткілікті. Халықты тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету деген ұғым бар. Дәрінің бәрі ақысыз берілмейді. Бәлкім адамдар осыны аздап түсінбейтін шығар. Байқоңыр қаласының Ресей Федерациясы юрисдикциясына қарайтыны және бар. Осыған байланысты олардың өз ауруханасы, өз емханалары бар. Ресей заңнамасы бойынша берілетін кейбір дәрілер Қазақстан заңнамасында рұқсат етілмеген. Қазақстан заңнамасында бар дәрілердің кейбірі Ресей емханаларында берілмейді. Адамдар осыны аздап түсінбей жатады. Сол үшін халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз", – деді облыс әкімі.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу