Байқоңыр тұрғындары табиғи газ тұтынатын болды

749

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласына барды, деп хабарлайды  ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.  

Байқоңыр тұрғындары табиғи газ тұтынатын болды

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, 2019 жылғы 3 сәуірде Мәскеуде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында "Байқоңыр" кешенін газбен жабдықтау туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қол қойылды. Құжат Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 305-VI ЗРК Заңымен ратификацияланды. Келісім тұтынушыларды сұйытылған газдан табиғи газға көшіруді көздейді және оның мынадай артықшылықтары бар:

– Байқоңыр қаласының тұтынушылары, оның шамамен 60% Қазақстан азаматтары, қолжетімді және экологиялық таза отынмен – табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етіледі. Бұл сұйытылған мұнай газына қарағанда әлдеқайда арзан.

2020 жылдан бастап Қазалы қаласы мен Шиелі ауданы Бекежанов кентін газдандыру жобаларын жүзеге асыру басталғанын, бұл өз кезегінде аймақ тұрғындарының әлеуметтік жағдайларын жақсартуға ықпал ететінін атап өткен жөн.

Нұрлан Ноғаев және Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласындағы "Байқоңырэнерго" өндірістік-энергетикалық қауымдастығы кәсіпорнының" жұмысымен танысты.

Сапар қорытындысы бойынша министр жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырма берді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу