Байқоңырда мәжбүрлі жұмысқа бармаған сотталушы бас бостандығынан айырылды

466

Сотталған азамат тамыз айы бойы мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтарған.

Байқоңырда мәжбүрлі жұмысқа бармаған сотталушы бас бостандығынан айырылды Фото: zanmedia.kz

Пробация қызметінің есебінде тұрған азамат сот үкімімен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы және мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін оған бірнеше рет жазбаша ескерту берілгеніне қарамастан, ол өз міндеттерін орындамаған. Осыған байланысты пробация қызметі сотталғанға тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынымды сотқа жолдады.

Сот қаулысымен азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген 1 жыл 11 ай 19 күні бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Қаулы заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу