Байқоңырда террористік қауіпке байланысты шектеулер келер айға дейін созылды

745

Қала әкімшілігі шектеулерді 3 ақпанға дейін созды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Байқоңырда террористік қауіпке байланысты шектеулер келер айға дейін созылды

"Құқық қорғау органдарынан терроризм актісі қаупінің туындауы және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру туралы ақпаратқа байланысты Байқоңыр қаласының терроризмге қарсы комиссиясының төрағасы, әкімшілік басшысы К.Д. Бусыгин шектеулерді созды. 2022 жыл19 қаңтар сағат 12:00-ден 2022 жыл 3 ақпан сағат 12:00-ге дейін 15 күн мерзімге Байқоңыр қаласының аумағында террористік қауіптіліктің жоғарылаған ("көк") деңгейін белгілеу туралы шешім қабылданды", – деп жазылған қала әкімдігінің мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу