Байқоңырда тұңғыш мешіттің қазығы қағылды

153

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында орналасқан Байқоңыр қаласында тұңғыш мешіттің қазығы қағылды.   

Байқоңырда тұңғыш мешіттің қазығы қағылды Фото: ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты рәсімге Қызылорда облысының бас имамы Дастан Құрманбаев, Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Сергей Волков қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

 Іс-шара барысында құрбан шалынып, ата-баба рухына арнап Құран бағышталды. Игі бастамаға ақсақалдар батасын берді.

"Мешіт "Асыл қолдау" қоғамдық қорының демеушілігі есебінен салынады. Екі қабаттан тұратын құлшылық үйі 800 адамға шақталған. Айналасында серуен саябағы және субұрқақтар орналасады. Ас беруге арналған асхана, балалардың ойын алаңын да салу жоспарланған", - делінген ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу