Байқоңырда жоғалған екінші бала әлі іздестірілуде

917

Байқоңыр қаласында 20-шы ақпан күні 2013 жылы туған екі бала жоғалып кеткен болатын.  

Байқоңырда жоғалған екінші бала әлі іздестірілуде

Екінші сынып оқушылары сол күні күндізгі 10:30 шамасында "Маяк" спорт кешенінен шыққан. Содан із-түссіз жоғалып кетті. Ертесіне бір баланың денесі Сырдария өзенінің жоғары ағысындағы Байқоңыр понтон өткелінен 500 метр қашықтан табылды. Ал екіншісі әлі іздестірілуде. Жалпы, іздестіру жұмыстарына 267 адам, 29 бірлік техника, 1 тікұшақ жұмылдырылған.

Жоғалған екінші баланы өзеннен және қала ішінен іздеп жатырмыз. Одан бөлек кинологиялық қызметкерлер 5 шақырым қашықтықта өзен жағалуымен іздеу жұмыстары жүргізілді. Алайда іздестіру жұмыстары нәтижесін бермей тұр. Іздестіру жұмыстарын жалғастыра береміз, – деді Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

Айта кетейік, аталмыш оқиғаға Қызылорда облысының ТЖД 10 қызметкер, 2 автокөлік, Байқоңыр қаласы ІІМ өкілдігінен 35 қызметкер, 7 бірлік автокөлік, Байқоңыр қаласы РФ ІІМ-нен 150 қызметкер, 15 бірлік техника, 1 тікұшақ, РФ ТЖМ 32 қызметкер 1 автокөлік және балардың туысқандары мен волонтерлерді қоса есептегенде 40 адам, 5 бірлік автокөлік жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу