Байқоңырдан 2 байланыс спутнигі ұшырылады

1081

Бұл ғарыш аппараттары Ресейде телерадио хабарларын тарату қызметтерін ұсынуға, ақпараттық ресурстарды жоғары жылдамдықпен алуға мүмкіндік береді. 

Байқоңырдан 2 байланыс спутнигі ұшырылады

Биыл 6 желтоқсанда "Протон-М" зымыраны Байқоңыр ғарыш айлағынан "Экспресс-АМ3" және "Экспресс-АМ7" екі байланыс спутнигін орбитаға шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Роскосмос" мәліметінше, 2021 жылғы 6 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15:20-да Байқоңырдан (Қазақстан) екі байланыс спутнигін ұшыру жоспарланып отыр.

2019 жылғы тамызда академик Михаил Решетнев атындағы "Ақпараттық спутник жүйелері" АҚ ("Роскосмос" корпорациясының құрамына кіреді) және Thales Alenia Space Italia еуропалық компаниясы арасында "Экспресс-АМУ3" және " Экспресс-АМУ7" жаңа спутниктерді жасау туралы келісімшартқа қол қойылған.

"Экспресс" сериясындағы спутниктер РФ Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникация министрлігінің мүддесіне сәйкес, "Ғарыштық байланыс" ФМУК ресейлік спутниктік байланыс операторының тапсырысы бойынша дайындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу