Байқоңырдан "Прогресс МС-36" жүк кемесі ғарышқа ұшырылды

783

Бұл туралы "Роскосмос" хабарлады.

Байқоңырдан "Прогресс МС-36" жүк кемесі ғарышқа ұшырылды Фото: бейнежазбадан

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Прогресс МС-36" жүк кемесі тиелген "Союз-2.1б" зымыран тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зымыран Астана уақытымен сағат 15:17-де (Мәскеу уақытымен 13:17-де) көкке көтерілген.

Жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, экипаж мүшелеріне қажетті тұрмыстық заттар мен жұмыс жабдықтарын жеткізеді.

Сондай-ақ жүк құрамында "Теледроид" ғылыми эксперименті үшін әзірленген адамға ұқсас робот бар. Ол ғарыштағы зерттеу жұмыстарына пайдаланылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу