Байқоңырдан "Союз МС-13" кемесі ұшырылды

782

Кемені халықаралық экипаж басқарады. 

Байқоңырдан "Союз МС-13" кемесі ұшырылды

Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 22-ден 28 минут 21 секунд кеткенде Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-13" кемесі жер орбитасына шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кемені халықаралық экипаж басқарады. Оның құрамында ресейлік ғарышкер Александр Скворцов, ЕКА астронавы, италиялық Лука Пармитано және НАСА астронавы Эндрю Морган бар. Кеменің ғарышқа көтерілген сәті тікелей эфирде көрсетілді. Зымыран тасығыш алғашқы екі сатыдан уақытында бөлініп, ұшу бастаған сәттен 10 минут өткенде орбитаға шықты.

"Союз МС-13" кемесін станциямен жақындастырып, "Звезда" қызметтік модуліне қондыру процесі автоматты режимде іске асырылады. Бұл жұмыс ұшу бастаған сәттен алы сағат өткенде, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21 шілде күні сағат 04:50-ге жоспарланған", – делінген "Роскосмостың" баспасөз ақпаратында.

Экипаж құрамындағы Александр Скворцов үшінші рет ғарышқа аттанса, Лука Пармитано –үшін бұл сапар екінші экспедиция болмақ. Тек Эндрю Морганғана тұңғыш рет Байқоңыр айлағынан әуеге көтеріліп отыр. Оларға ғарыш кеңістігінде көптеген ғылыми эксперименттер орындап, түрлі елдерден келген жүк кемелерімен жұмыс істеу қажет. ХҒС борттық жүйелеріне қызмет көрсету, ғарыштан фото мен видео түсіру міндеті де жүктелген. Оларды халықаралық ғарыш станциясының бортында Алексей Овчинин, Ник Хейг және Кристина Кук қарсы алатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу