Байқоңырға "Бәйтерек" жобасына арналған алғашқы зымыран жетті

Ол жыл соңына таман ұшырылады деп күтілуде.   

Байқоңырға "Бәйтерек" жобасына арналған алғашқы зымыран жетті Фото: Ғарыш айлағы баспасөз қызметі

2025 жылдың 11 қарашасында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен "Бәйтерек" жобасы үшін жасалған жаңа "Союз-5" зымыраны Байқоңырға келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Зымыран теміржол арқылы жеткізілген. Самара қаласынан Байқоңырға дейінгі жол 1800 шақырымды құраған. 

Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, құрастырылған, боялған және сынақтан өткізілген зымыран арнайы вагондармен космодромға жеткізіліп отыр. Бұл вагондар зымыранға механикалық қорғауды қамтамасыз еткен. 

Байқоңырға келген соң зымыранның бөліктері "Бәйтерек" бірлескен кәсіпорнының монтаждық-сынақ корпусына жеткізілді. 

Болжам бойынша, "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенінен алғашқы сынақтық ұшу 2025 жылдың 25 желтоқсанына жоспарланған.

Еске салайық, "Бәйтерек" жаңа ғарыштық зымыран кешенін "Зенит-М" инфрақұрылымына негіздеп құру, сондай-ақ "Союз-5" тасымалдаушы зымыранын ұшыру Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Ресей тарапына жаңа зымыранның өндірісі, ал Қазақстанға старттық кешен жауапкершілік жүктелген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу