Байқоңыр қаласының прокуратурасымен атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атап айтқанда, табысын жасыру арқылы атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған 6 адамға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 2,6 млн теңге артық төленген.
Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде заң бұзушылықтар жойылып, 2 азаматтан мемлекеттік бюджетке 553 233 теңге өндірілді.
Қалған тұлғаларға қатысты артық төленген қаражатты өндіру мәселесі сот тәртібімен қаралып жатыр.