Түзеу мекемелерінің аумағында байланыс сапасын өлшеуді прокуратура қызметкерлері Мемлекеттік радиожиілік қызметімен, ҚАЖД және оператор-компаниялардың өкілдерімен бірлесіп жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстанның үш ірі ұялы байланыс операторы – Beeline, Kcell және Tele2/Altel – Қостанай облысының түзеу мекемелерінің аумағында рұқсат етілген сигнал деңгейінен асып кеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тексеру барысында "Қар-Тел" ЖШС (Beeline), "Kcell" АҚ және "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-нің (Altel, Tele2) жазаны өтеудің үш мекемесі аумағындағы сигнал деңгейі белгіленген нормадан едәуір асып кеткені анықталды. Ережені сақтамағаны үшін байланыс операторларына ҚР ӘҚБтК-нің 637-бабы 1-бөлігінің 16-тармағы ("Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұзу") бойынша айыппұл салынды.
"ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 97-бабына сәйкес байланыс операторлары өз желілерін оңтайландыруға және түзеу мекемелерінің аумағында радиосигналдың таралу деңгейін төмендету бойынша уақтылы шаралар қабылдауға міндетті. Компаниялар бұл талаптарды сақтамаған", – деп түсіндірді Қостанай облысының прокуратурасы.
Қадағалау органында қамту аймағын шектеу колониялар аумағынан заңсыз қоңырау шалу мен интернетке шығу мүмкіндігін толығымен жою үшін қажет екенін атап өтті.
Бұған дейін мекемелерде прокурорлар ұялы телефондарды пайдалануға байланысты қылмыстар жасау фактілерін анықтаған.
Мысалы, мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған адамның ұялы телефонды пайдалана отырып, 4 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық әрекеттер жасағаны анықталды.
Тергеу барысында одан ұялы телефондар тәркіленді. Кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Қабылданып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – байланыс операторларының заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және жазасын өтеу мекемелерінің аумағында ұялы байланыс қызметтерін заңсыз пайдалану мүмкіндігін болдырмау.