Байлық салығы 2024 жылы енгізілуі мүмкін

849

Қалтасы қалың қазақстандықтар 2024 жылдан бастап байлық салығын төлеуі мүмкін. 

Байлық салығы 2024 жылы енгізілуі мүмкін Фото: SN.kz

Ұлттық экономика министрлігі сән-салтанат төлемінінің енгізілетін уақытын айтқанымен, оның мөлшері қандай болатынын, қалай төленетінін, тіпті, кімдер төлейтінін нақты білмейді. Міндетті алымның механизмі мен жалпы нормалары жаңа салық кодексінде көрініс таппақ. Құжат келер жылы күзде ғана Парламетке ұсынылады екен. 

"Бірінші нұсқа жылжымайтын мүлік объектілерінің санына қатысты, яғни белгілі бір саннан асып кеткені үшін. Бір жеке тұлғаның жылжымайтын мүлік объектісі бекітілген нормадан көп болса, онда қосымша мүлік салығы салынатын шығар. Немесе салық сол мүліктің  құнына байланысты болады", деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Жақында ғана мынадай қызықты статистика жарияланған болатын.  147 қазақстандықтың 20 немесе одан да көп пәтері бар. 720 азаматтың құны 100 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлкі бар. Былайша айтқанда, осы адамдар потенциалды байлық салығын төлеушілер. Бірақ, сарапшылардың пікірінше, активтерді тек құны немесе саны бойынша бағалау дұрыс емес. Мүлікке мұқит талдау жүргізіп, салық мөлшерін оның нарықтық бағасына сәйкес есептеу қажет. Мұны Тоқаев та баса айтқан еді. Жолдауында ол байлық салығына орта тап адамдары ілігіп кетпеуі керек деді. Бірақ байлық қалай есептеледі? Ең алдымен осыны анықтап алу керек деп санайды экономисттер. Мәселен, дәулеті пәленше миллионнан асатын адам бай болып есептеледі дейтіндей шекті мән қою керек.

Сонымен қатар, сарапшылар Қазақстанда капитал мен жылжымайтын мүлікті бағалауды жүргізетін, сондай-ақ оларды жасыру әрекеттерінің алдын алатын арнайы орган құру қажет деп санайды. Өйткені, байлық салығы енгзілсе, одан жалтаруға тырысатындар да табылатыны анық. 

Сапарбай Жобаевтың сөзінше байлық салығының ел экономикасына әсері орасан болады. Өйткені қазір республикалық бюджеттің үштен бірі Ұлттық Қордан алынып отыр. Ал байлардан алынатын сән-салтанат салығы арқылы бұл тәуелділіктен құтылуға болады. Бірақ, бәрі сол салықтың мөлшеріне тікелей байланысты. 2023-те бір жыл бойы бұл ереже жан-жақты талқыланып, күзде Парламентке ұсынылмақ. Ал 24-тен бастап күшіне енеді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу