Партия ұсынған тізімге 47 кандидат енгізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ОСК мүшесі Азамат Айманақұмовтың айтуынша, олардың 18-і әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар санатына жатады. Бұл жалпы тізімнің 38,3%-ын құрайды және заңмен белгіленген 30 пайыздық квота толық сақталған.

Сонымен қатар комиссия барлық кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң талаптарына сәйкес келетінін мәлімдеді.
Отырыс соңында Ортсайлауком мүшелері хаттамаларға қол қойып, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы қаулы қабылдады. Тіркелген кандидаттарға тиісті куәліктер табысталды.