"Бәйтерек" ғарыш кешені қашан іске қосылады

1206

Ресей тарапы зымыранды жасап шығарса, еліміз жерүсті инфрақұрылымын жабдықтайды. 

"Бәйтерек" ғарыш кешені қашан іске қосылады

Бүгін жоғары палата депутаттары Қазақстан мен Ресей арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды 24.kz.

Заң жобасы 2004 жылғы 22 желтоқсанда қолға алынған. Оны "Ангара" ресейлік зымыранының негізінде іске асыру көзделген болатын. Алайда уақытылы дайын болмауы себебінен "Союз-5" зымыраны негізінде іске асыруға шешім қабылданды.

Сала министрінің сөзінше, "Бәйтерек" кешенін іске қосу "Байқоңырды" ең белсеңді ғарыш айлағы ретінде сақтауға мүмкіндік береді. Ресей тарапы зымыранды жасап шығарса, еліміз жерүсті инфрақұрылымын жабдықтайды. Көршілердің шығыны 916 млн болса, ал біздің шығын – 233 млн доллар. Алғашқы жобаға 314 млн доллар қарастырылғанын ескерсек, бұл едәуір үнем. Қазір үшжақты келісім жасалып жатыр. Нәтижесі алдағы уақытта белгілі болады.

"2005-2006 жылдар аралығында бюджет кредитінің 12,5 млрд теңге жұмсалған. Бұл қаражат техникалық және конструкциялық құжаттамаға жұмсалды. Қазіргі таңда бұл жоба тоқтап қалған. Өйткені біз басқа жобамен айналысып жатырмыз. Бұл қаражатты техникалық құжаттардың негізінде конвертация арқылы жарғы капиталына "Бәйтерекке" кіреді. Осы бойынша ресейлік әріптестерімізбен араласып жатырмыз. Жақын уақытта келісімшартқа қол қойған соң, Парламентке ратификациялау үшін келеміз",– дейді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу