"Бәйтерек" холдингі мен UK Export Finance өзара меморандум түзді

704

Тараптар Қазақстандағы жобаларды құрылымдау, қаржыландыру және кепілдік беру саласында ынтымақтасады. 

"Бәйтерек" холдингі мен UK Export Finance өзара меморандум түзді

"Бәйтерек" холдингі мен UK Export Finance экспорттық мәмілені қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Холдинг тарапынан басқарушы директоры, басқарма мүшесі Айнұр Қуатова ал екінші тараптан Ұлыбританияның Халықаралық сауда жөніндегі мемлекеттік министрі Конор Бернс болды.

"Бұл арада сөз экспортты өзара қолдау туралы болып отыр. Тараптар британдық және қазақстандық тауарлардың экспортын қоса алғанда, Қазақстандағы жобаларды құрылымдау, қаржыландыру және кепілдік беру саласында ынтымақтасады. Энергетика, металлургия, инфрақұрылым және көлік сияқты салаларға назар аударылады. Осы келісімнің орындалуын біздің еншілес ұйымымыз "KazakhExport" АҚ жүзеге асырады. Мұндай ынтымақтастық елдеріміз арасындағы сауданы арттыруға көмектеседі деп сенеміз", – дейді Айнұр Қуатова.

Айта кету керек, Ұлыбритания тауар айналымы бойынша Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Ұлыбритания сонымен бірге Қазақстандағы ең ірі алты инвестордың бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу