"Бәйтерек" ҰБХ KASE-ге 25 млрд теңге тартты

1018

Купондық мөлшерлеме жылдық 9,75%.  

"Бәйтерек" ҰБХ KASE-ге 25 млрд теңге тартты

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі бейсенбі күні Қазақстандық қор биржасында (KASE) көлемі 25 млрд теңге болатын онжылдық облигацияларды орналастырды, деп хабарлайды биржа. 

Орналастыруға номиналдық құны 1 мың теңге болатын 25 млн облигацияч ұсынылды. 

Купондық мөлшерлеме жылдық 9,75%.

Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі жоспардан 100%.

Қатысушылар саны небәрі еуеу ғана болды. оның екеуі де белсенді.  

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 2013 жылы мамыр айында құрылған. Холдингтің сенімгерлік басқаруында "Қазақстан Даму банкі" АҚ, "Қазақстан Инвестициялық қоры" АҚ, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банк" АҚ, "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ, "Қазақстандық кепілдендірілген ипотекалық кредиттер қоры" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ сияқты мемлекеттік қаржылық институттар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу