БАҚ беттерінде саяси партиялар тең дәрежеде насихатталды

1465

Партиялардың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 10 желтоқсан күні сағат 18.00-де басталып,  8 қаңтар күні сағат 18.00-де аяқталды.

БАҚ беттерінде саяси партиялар тең дәрежеде насихатталды

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу қорытындылары мен сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы туралы өткен Орталық сайлау комиссиясының отырысында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев 10 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығындағы үгіт-насихат кезеңінде мониторингпен 500-ге тарта республикалық және өңірлік БАҚ қамтылғандығын, оның ішінде 321 газет, 47 телеарна және 131 интернет-ресурс бар екендігін айтты.

"Үгіт-насихат кампаниясын мониторингілеу қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауына қатысты барлық БАҚ-та 22 мыңнан астам материал жарияланды. Оның ішінде 8822-сі – газетте, 6930-ы – телеарнада, 6855-і – интернет-ресурста жарық көрді", – деді ол.
Вице-министр әлеуметтік желілердегі үгіт-насихат есепке алынбағанын айтты. Ал интернет-ресурстарда саяси партиялардың қызметі тең дәрежеде насихатталған. "Бұл бағытта халықаралық тәжірибе мен азаматтық ұстанымын білдірген әр адамның конституциялық құқы назарға алынды. Мониторинг нәтижесі бойынша қазақстандық БАҚ беттерінде саяси партиялар теңдей насихатталды деп мәлімдей аламыз", - деді вице-министр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу