Бақбақ гүлін жұлғандарға 13 млн теңгеге дейін айыппұл салынады

822

Өсімдіктің бұл түрі оңтүстікте өседі.  

Бақбақ гүлін жұлғандарға 13 млн теңгеге дейін айыппұл салынады Фото: Pixabay.com

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев бақбақтың Қызыл кітапқа енген сирек түрін жұлғандар айыппұл арқалайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер бақбақтың нақты қай түрін жұлуға тыйым салынғанын сұрады. Нұркен Шәрбиев бұл Қызыл кітапқа енген бақбақ түріне ғана қатысты екенін айтты. 

"Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғандарға айыппұл көзделген. Бұл – 3000 АЕК. Мұндай өсімдіктер сирек кездеседі әрі жойылып кету қаупі бар. 2019 жылы бұл айыппұл мөлшері 10 есе өскен болатын", – деп жауап берді спикер.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі бақбақтың сирек кездесетін түрі негізінен еліміздің оңтүстік өңірлерінде өсетінін айтты. Айта кету керек, 3 мың АЕК 12 975 000 теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу