Бахтиёр Зайнутдинов Түркия кубогын төбесіне көтерген алғашқы қазақстандық футболшы атанды

452

Бұған дейін Бақтиер Түркия кубогында үш кездесу өткізген.

Бахтиёр Зайнутдинов Түркия кубогын төбесіне көтерген алғашқы қазақстандық футболшы атанды Фото: sportqazaq

Бақтиер Зайнутдинов Түркия кубогын төбесіне көтерген алғашқы қазақстандық футболшы атағына қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Қазақстан ұлттық құрамасының үздік сұрмергені (14 гол) және "Бешикташ" футбол клубының жартылай қорғаушысы өз коллекциясына кезекті трофейін қосты. Оның клубы Түркия кубогында "Трабзонспор" командасын 3:2 есебімен жеңді. Матч алдында Зайнутдинов ойынға қатысатын футболшылар тізіміне енген. Дегенмен ол жасыл алаңға шыққан жоқ.

Ұлттық құрама көшбасшысы жарақатынан жақында жазылды. Бұған дейін Бақтиер Түркия кубогында үш кездесу өткізгенін айта кеткен жөн.

"Бешикташ" өз тарихында аталған турнирде он бірінші мәрте жеңімпаз атанып отыр. Ішкі біріншілікте С. Топырақтепе жаттықтыратын команда соңғы тур алдында турнирлік кестенің бесінші сатысында тұр.

Айта кетсек, бұдан бұрын Бахтиер Зайнутдинов 2022/23 жылғы маусымда Ресей кубогын иеленді. Сондай-ақ Жамбыл футболының түлегі "Астана" сапында Қазақстан чемпионы (2018) және Суперкубок (2018) иегері болған еді. 

Еске салсақ, бұдан бұрын грекиялық Акис Вавалис "Жеңіс" футбол клубына бас бапкер болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу