Баку Армениямен шекарада жаңадан атыс болғанын хабарлады

625

Әзербайжан Қарулы Күштерінің позициялары Дашкесан бағытында атылды.

Баку Армениямен шекарада жаңадан атыс болғанын хабарлады Фото: aa.com.tr

Бұл туралы сейсенбі, 11 қазанда Әзербайжан Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

"10 қазан күні сағат 23:00-де Армения Қарулы Күштерінің бөлімшелері Басаркечар ауданының Гарайман елді мекенінің бағытында орналасқан позициялардан атыс қаруын қолдана отырып, біздің армиямыздың Дашкесан ауданының Астаф елді мекенінің бағытында орналасқан позицияларына оқ жаудырды", - делінген хабарламада.

Аталған бағытта орналасқан Әзербайжан әскерінің бөлімшелері тиісті жауап шараларын қабылдады, деп атап өтті ведомствода.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу