Баку әуежайына 12 сағат ішінде 2 халықаралық рейс мәжбүрлі түрде қонды

425

Лондон-Исламабад бағыты бойынша рейс жасаған британдық Virgin Atlantic авиакомпаниясының жолаушылар лайнері Гейдар Алиев халықаралық әуежайына шұғыл қонуға сұраныс жіберді.  

Баку әуежайына 12 сағат ішінде 2 халықаралық рейс мәжбүрлі түрде қонды Фото: azerforum.com

Бұл туралы Әзірбайжан бас әуе айлағының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Борттағы жолаушының денсаулығының күрт нашарлауына байланысты ұшақты қондыруға тура келді.

Boeing 787-9 әуежайға жергілікті уақыт бойынша 07.37-де (Астана уақытымен 11.37) қонды.

Соңғы 12 сағат ішінде бұл Баку әуежайына мәжбүрлі қонған екінші ұшақ. 2 наурыз күні кешке Boeing 787 бортында жолаушының әл-ауқатының нашарлауына байланысты Гейдар Алиев халықаралық әуежайына Бангкок-Амстердам бағыты бойынша рейс жасаған тайваньдық EVA Air әуекомпаниясы қонды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу