Бакуде Қазақстан, Түркия және Әзірбайжан Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді

613

27 маусымда Бакуде Түркия, Әзірбайжан және Қазақстан сыртқы істер және көлік министрлерінің үшжақты кездесуі өтеді. Бұл туралы Түркия СІМ баспасөз қызметі хабарлады.  

Бакуде Қазақстан, Түркия және Әзірбайжан Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді

"Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы 2022 жылдың 27 маусымында біріншісі өтетін Түркия-Әзербайжан-Қазақстан сыртқы істер және көлік министрлерінің үшжақты кездесуіне қатысу үшін Бакуге барады. Кездесу өзара тиімділік негізінде үйлестіруді күшейту және өңірлік байланысты нығайтуға бағытталған", – деп жазылған министрлік ақпаратында.

Тараптар үшжақты және аймақтық ынтымақтастықты кеңейту, Каспий өткелімен Орталық Шығыс-Батыс дәлізінің әлеуетін дамыту мәселелерін талқылайды деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу