Бакуде "Оңтүстік газ дәлізі" және "жасыл" энергетика талқыланды: Қазақстан жаңа жобаларды қолдайды

145

Жиынға 27-ден астам мемлекеттің энергетика ведомствалары мен 49 халықаралық компанияның өкілдері қатысты. 

Бакуде "Оңтүстік газ дәлізі" және "жасыл" энергетика талқыланды: Қазақстан жаңа жобаларды қолдайды Фото: Энергетика министрлігі

Бакуде Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев пен ЕО-ның энергетика және тұрғын үй саясаты жөніндегі комиссары Дан Йоргенсеннің қатысуымен Оңтүстік газ дәлізі Консультативтік кеңесінің 12-ші министрлер отырысы және "жасыл" энергетика бойынша 4-ші министрлер отырысы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Халықаралық алаңда Қазақстанның атынан ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы энергетика саласындағы өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын атап өтті. Тараптар Оңтүстік газ дәлізінің әлеуетін, оффтейкерлер тарапынан сұранысты, "Баку-Тбилиси-Джейхан" мұнай құбырының жүктемесін және өзге де перспективаларды талқылады.

"Қазақстан Әзірбайжанмен энергетика саласындағы стратегиялық әріптестікті жоғары бағалайды, біз бұл бағытта ынтымақтастықтың жаңа қырларын дамытудың зор әлеуетін көріп отырмыз. Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан арасындағы "жасыл" энергияны өндіру мен беру жөніндегі ауқымды жоба бойынша уағдаластықтарымызды ерекше атап өткім келеді. Мемлекет басшылары қол қойған келісім "жасыл" инвестицияларды тарту арқылы шығарындыларды азайту жөніндегі экологиялық мақсаттарымызға қол жеткізуге ықпал етеді", - деді Санжар Жаркешов.

Жоба институционалдық тұрғыдан ресімделіп үлгерді: бірлескен кәсіпорын құрылып, оны ратификациялау процедуралары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу