Бакуде SAF-2022 робототехника фестивалі қазақстандық оқушылар жүлдеге ие болды

535

Сүйінші жаңалықты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желілердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Бакуде  SAF-2022 робототехника фестивалі қазақстандық оқушылар жүлдеге ие болды Фото: el.kz

Оның дерегінше, фестивальге–350 команда, 1300 қатысушы, 8 мемлекет (Әзірбайжан, Түрікменстан, Эстония, Швеция, Ұлыбритания, Өзбекстан, Түркия) қатысты. Қазақстандықтар түрлі марапаттар мен жүлделі орындарға ие болды.

"Отандастарымыз Vex Robotics Competition саласы бойынша өткен бәсекеде басымдық танытып, негізгі 7 кубокты жеңіп алды. Жасөспірімдер санатында 1729X NEW EMPIRE командасы бірлескен жарыста 2-ші орынды, ал, жеке дара сайыста 3-ші орынды иеленді. Ал, 1729K LSF қазақстандық жасөспірімдер тобы командалық жұмыста 3-ші орынға, сондай-ақ жеке дара жарыста 2-ші орынға тұрақтады. Жарыстың шешуші кезеңдеріне 3 команда қатысып, барлығы да мәреге шықты. Жоғары сынып оқушылары командалық және жеке санаттағы бәсекеде бірінші орынға ие болды", деп жазды Бағдат Мусин.

Оқушыларды жеңісімен құттықтаған министр келешекте дарынды жастар білімдері мен шеберліктерін шыңдап, еліміздің игілігі үшін еңбек ететініне сенім білдірді. 

Айта кету керек, балаларды әлемдік жарысқа дайындауға қолдау көрсеткен - Satbayev University мен Халықаралық робототехника академиясы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу