Бақылау күшейтілді: Алматыда 7 автокөлік жуу орны сусыз қалды

491

Тексеріс Алматының барлық ауданында жалғасады.

Бақылау күшейтілді: Алматыда 7 автокөлік жуу орны сусыз қалды Фото: Magnific

Алматының Әуезов ауданында су үнемдеу жүйесі жоқ жеті автожуу орнының суы тоқтатылды. Заңбұзушылықтар 60 нысанды тексеру кезінде анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алматы Су" мәліметінше, тексерілген автожуу орындарының шамамен 90 пайызы суды айналымда пайдалану жүйесін қолданады. Бұл технология суды тазалап, қайта пайдалануға мүмкіндік береді және оның шығынын азайтады.

Алайда жеті нысанда мұндай жабдық болмаған.

Қала әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, автожуу орындары қажетті жабдықты орнатып, оның жұмысын тексерткеннен кейін ғана суға қайта қосыла алады.

Тексеріс Алматының барлық ауданында жалғасады. Коммуналдық қызметтер су құбыры желілеріне заңсыз қосылу деректеріне де ерекше назар аудармақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу