Бақыт Сұлтанов: 600 адамды қысқартамыз

894

Бақыт Сұлтанов: 600 адамды қысқартамыз

Үкіметтің кеңейтілген отырысында елбасы бақылау және қадағалау функциясын жөндеп қолға алу керектігін және бақылаушылардың санын қысқарту керек екенін айтты, деп хабарлайды Today.kz. 

"Салық органында белгілі бір көлемде қызметкерлерді қысқарту керек. Алғашында 600 адам дедіңіз. Енді "қысқартудың керегі жоқ, оларды басқа салаларға ауыстырамыз" дейсіз. Бұл өзін қаншалықты ақтайды?", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сұлтанов бұл сауалға "Бақылаушылар 37,5 пайызға, ал салық және шекара бақылаушылары 45 пайызға азайтылды", - деп жауап берді. 

"Бірақ бұл бақылаушылар басқа бағыттарға ауыстырылды. Қазір қазақ-өзбек шекарасы ашылып жатыр. Сондықтан кейбір бекеттер тәулік бойы жұмыс істейді. Адамдардың көбін сонда жібердік. Ал бақылаушылардың негізгі бөлігін экспортты қадағалауға жібердік. Нақты 600 адамды қысқартамыз, бірақ оларды түрлі салаларға бөліп жібереміз", - деді Қазақстанның қаржы министрі.

"Бүгінгі слайдта қысқартулар болса кедендік рәсімдеуде жақсы көрсеткіштер болатыны көрсетілді. Енді орында. Мен саған бүгіндікке екі рет ескерту жасадым. Үшіншісі соңғы ескерту болуы мүмкін. Іске кіріс", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке барлық нәрсені ретке келтіруі керек екенін еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, 3 ақпанда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында бөлінген бюждетті игермегені үшін Назарбаев Бақыт Сұлтановқа ескерту жасаған еді. 

Сол кезде елбасы қаржы министрінің баяндамасын бөліп, егер келесі жылы министрліктер бюждет қаржысын игермейтін болса, оны алдағы жылы қаржыландырмау керектігін ескерткен еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу