Бақыт Сұлтанов босатқан орынға Серік Жұманғарин жайғасты

2085

Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды. Министр міндетін атқарушы болып Жұманғарин тағайындалды.

Бақыт Сұлтанов босатқан орынға Серік Жұманғарин жайғасты

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

"Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылсын", – деп жазылған Жарлықта.