Бақыт Сұлтанов делдалдарды "орнына қойып жатқанын" айтады

733

Отандық өнімдердің қымбаттауына не себеп? Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер министрлерге осындай сауал қойды.

Бақыт Сұлтанов делдалдарды "орнына қойып жатқанын" айтады

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің мәліметіне қарағанда, картоп қоймасының негізгі бөлігі орналасқан солтүстік өңірлердегі көтерме сауда бекеттерінде картоп келісі 148-160 теңге аралығында сатылады. Кейінгі кездегі ахуалдарға байланысты күрт қымбаттаған жоқ. Алайда халық мұндай бекеттерден емес, сауда желілерінен 300 теңгеден жоғары бағаға сатып алады. 

"Супермаркеттерге менің құзіретім жүрмейді. Сауда және интеграция министрлігінің құзырында. Мен фермерлердің табыс тапқанын қалаймын. Саудагерлердің маржасы 15-30 пайыздан аспауы керек, негізгі пайда фермерлерге түсуі керек деп ойлаймын. Өз құзыретімнің шеңберінде бастапқы сату нүктелерінде баға көтерілмегенін айтып отырмын", – деді Қарашөкеев.

Сұрақты сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа да қойдық. 

"Оның (баға өсуінің – авт.) объективті де, субъективті де себебі бар. Субъективті себеп болмауы үшін арнайы тексеру жүргізіп жатырмыз. Мысалы, қант бағасы кіші дүкендерде 30-40 пайыз өскеннен кейін мониторингтік топтар жұмыс жүргізіп, үстіне қосылған ақы көлемі 15 пайызға түсірілді. Сүт өнімдеріне келсек, шикізаттың бағасы өсіп барады. Оған жем бағасы, Ресейден алатын қаптамалардың қымбаттауы факторлары әсер етеді. Жалпы делдалдарды орынына қойып жатырмыз", – деп сендіреді Сұлтанов Мәжіліс кулуарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу