Бақыт Сұлтанов қант тапшылығына байланысты сұраққа жауап берді

603

Импортпен келетін қанттың шамамен 70%-ы Ресейден алып келінетін, енді логистика өзгереді. 

Бақыт Сұлтанов қант тапшылығына байланысты сұраққа жауап берді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып, қантқа қатысты жағдайға да түсініктеме берді, деп жазды inbusiness.kz.

"Қантты зауыттар өндіреді. Олар қажетті шикізатты өз бетімен сатып алады. Ал ол нарық коньюктурасына байланысты. Қазір нарық былай қалыптасып отыр. Біз импортпен келетін қанттың шамамен 70%-ын Ресейден алып келдік. Өйткені ол Бразилиядан қант тасығанға қарағанда әлдеқайда арзан. Қант экспорты шектелетіні туралы соңғы сәтте хабарлады. Сондықтан логистиканы өзгертіп жатырмыз. Яғни бұл жерде ешқандай қате есеп болған жоқ", – деді Бақыт Сұлтанов. 

Еске салсақ, 2022 жылдың 11 наурызында Ресей ЕАЭО елдеріне қант пен астық экспортын шектеді. Нәтижесінде елімізде қымбатшылық басталды. Себебі осы уақытқа дейін Қазақстан зауыттары қант өндірісіне қажет шикізаттың басым бөлігін іргелес көрші мемлекеттен алып келген. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу