"Бақытты отбасы" бағдарламасы арқылы 4 мыңдай отбасы баспаналы болды

1616

Жоба аясында 5 мыңдай несиелік өтінім қабылданған.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы арқылы 4 мыңдай отбасы баспаналы болды

"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша бүгінге дейін 3 857 отбасы баспаналы болды, деп хабарлады ТҚЖБ баспасөз қызметі.

Жоба аясында банк шамамен 5 000-дай несиелік өтінімді қабылдаған. Аталған бағдарламаға Нұр-Сұлтан (752 өтінім), Алматы (580 өтінім) және Ақтөбе (495 өтінім) облыстарының тұрғындары белсенді түрде қатысуда.

"Бүгінде қабылданған өтінімдердің 830-ы бойынша несие беру жөнінде оң шешім шықты. Қазіргі сәтте осы отбасылар өздерінің болашақ пәтерлерін іздестіру үстінде. Бұл үшін оларға 2019 жылдың 31 қазанынан бастап алты ай уақыт беріледі. Пәтерді жаңа салынған немесе қолданыстағы үйден сатып алуға болады. Сондай-ақ, жер үй алу мүмкіндігі де қарастырылған. Тұрғын үйді салымшы өзі әкімдікте кезекте тұрған аймақта ғана сатып ала алады",– дейді ТҚЖБ баспасөз қызметінен.

"Бақытты отбасымен" баспаналы болғандардың дені нұр-сұлтандықтар. Елордада осы бағдарлама арқылы 702 отбасы үй алды. Сондай-ақ, Алматы облысының 484 тұрғыны банктен несие алса, ал Ақтөбе облысы бойынша жалпы саны 436 займ берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу