"Бақытты отбасы" бағдарламасында жәрдемақы неге қосымша табыс көзі болып саналмайды?

539

Бұл сұраққа орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Отбасы Банк" АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жауап берді, деп жазады inbusiness.kz

"Бақытты отбасы" бағдарламасында жәрдемақы неге қосымша табыс көзі болып саналмайды?

Бағдарламаға қатысты үміткерлердің көбі "Мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналарды негізгі кіріссіз грантпен өткізу қарастырылған ба? Жәрдемақы неге қосымша табыс көзі болып саналмайды?" деген сұрақты жиі қоятыны рас. 

"Бақытты отбасы" бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға грант есебінен өткізу қарастырылмаған. Екіншіден, осы концепцияда жазылған нормаларға сәйкес кезекте тұрған азамат кәсіпкерліктен немесе еңбектен өзінің ресми табысы болуы керек. Алдыңғы бағдарлама шарттарында мемлекеттен алынатын көмек есептелетін. Ол бойынша қазір тиісті өкілетті органға – министрлікке хат жолданды. Бүгіннен бастап өтінім қабылданды", – деді спикер.

Бұдан бөлек спикер жәрдемақыларды есепке алу бойынша жұмыстар жасалып жатқанын жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу