Бақытжан Сағынтаев АЭФ аясында бірқатар кездесулер өткізді

815

Бақытжан Сағынтаев АЭФ аясында бірқатар кездесулер өткізді

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Астана экономикалық форумы аясында бірқатар кездесулер өтткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Х Астана экономикалық форумы аясында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев "McKinsey & Company" өкілдерімен экономиканы цифрландыру және қаржы секторында, металлургия және тау-кен игеру өнеркәсібі салаларында цифрлық технологияларды енгізу мәселелері бойынша кездесу өткізді.  

Жаңғырту 3.0 аясында әзірленіп жатқан "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға ерекше көңіл бөлінді.

Сондай-ақ, ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев "JPMorgan Chase International" төрағасы Джейкоб Френкельмен кездесті. Сұхбаттың басты тақырыбы қаржы секторындағы ынтымақтастық, сонымен қатар экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз етуге қажетті қаржы тетіктері мәселелері болды.

Келесі кезекте, премьер-министр үкімет үйінде "The Boston Consulting Group" компаниясының төрағасы Ханс-Пол Бюркнермен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасын дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының жобасы аясында экономиканы әртараптандыру және цифрландыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, цифрлық форматқа көшуге бизнесті тарту арқылы жеке секторды дамыту мәселелері қаралды.

Сонымен бірге, ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Францияның экс-премьер-министрі Франсуа Фийонмен сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша кездесті.

Екі тарап экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмысын, сонымен қатар Қазақстан-Франция іскерлік кеңесі аясында бизнес өкілдері кездесулерінің тиімділігін талқылады.

Сондай-ақ, үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Украина премьер-министрінің орынбасары – өңірлік даму, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы министрі Геннадий Зубкомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың алдағы перспективалары, сондай-ақ Қазақстан-Украина экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Мемлекетаралық комиссияның өткен отырысының қорытындылары талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу