Бақытжан Сағынтаев: Алматы бюджетінің 47%-ы әлеуметтік сұранысты шешуге жұмсалады

791

Шығындардың басым бөлігі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік әл-ауқат, спорт, мәдениет және туризмге бағытталады. 

Бақытжан Сағынтаев: Алматы бюджетінің 47%-ы әлеуметтік сұранысты шешуге жұмсалады

Алматы қаласының бюджеті әлеуметтік бағытта жұмсалып келеді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Әкімнің айтуынша 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,7%-ға өсті.

"Қалалық бюджетінің 47%-ы әлеуметтік салаға тиесілі. Шығындар негізінен – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік әл-ауқат, спорт, мәдениет және туризмге жұмсалады", – деді әкім. 

Қалған қаржы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, көлік инфрақұрылымын дамытуға, абаттандыруға, көгалдандыруға, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмсалады.

"Пандемияның барлық қиындықтарына және оған байланысты шектеулерге қарамастан, Алматы экономикасы қалпына келудің жоғары қарқынын көрсетуде", – деп атап өтті әкім. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу