Бақытжан Сағынтаев АӨК-ті дамытудың жаңа бағдарламасын жыл соңына дейін әзірлеуді тапсырды

1046

Бақытжан Сағынтаев АӨК-ті дамытудың жаңа бағдарламасын жыл соңына дейін әзірлеуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі отырысында Министрлер кабинетіне 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ті дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Премьер-Министр бағдарлама жобасы түрлі алаңдарда, соның ішінде аймақтарда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқасы аясында және ҚР Мәжілісінде талқыланғанын атап өтті. Сонымен қатар, Үкіметтің жыл соңына дейін оны мүдделі тараптармен тағы да талқылап, бекітуге уақыты бар.

"Айтылған ескертулер мен ұсыныстарды назарға ала отырып, бағдарлама жобасын мақұлдауды және жыл соңына дейін мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, бизнес қауымдастықтармен келісілген соң бекітуге шығаруды ұсынамын. Келесі жылы жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істеуді бастауымыз керек", – деді Б. Сағынтаев.

Еске салсақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша аграрлық секторды жедел дамыту міндеті алға қойылғаны белгілі. Осыған байланысты ҚР Үкіметі 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ті дамыту мемлекеттік бағдарламасын әзірледі. Соның нәтижесінде таяу 5 жылдың ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу экономиканы әртараптандыру мен өсімнің негізгі драйвері болуы тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу