Бақытжан Сағынтаев домна пешінен шойын шығару жұмысымен танысты

937

Бақытжан Сағынтаев домна пешінен шойын шығару жұмысымен танысты

Бақытжан Сағынтаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ірі өнеркәсіптік жаңғырту жоспарларымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша аса маңызды міндетті орындау шаралары туралы баяндады. Осы мақсатта ЖЭЦ-2 қуаттарын жаңғырту бойынша кешенді жоспар әзірленеді, 

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның өндіріс жөніндегі директоры Вадим Басин турбиналық цех және жалпы станцияның жұмысы туралы, станцияның және 2017-2018 жылдарға жөндеу науқанының негізгі параметрлері туралы баяндады.

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов қаланың 2017-2018 жылдарға жылу беру маусымына дайындығы туралы, оның ішінде инженерлік желілердің, көп қабатты тұрғын үйлердің және әлеуметтік-мәдени нысандардың дайындығы туралы баяндады.

Бұдан өзге, ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев №3 домна пешіндегі шойын шығару процесімен танысты. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Калон Парамжит компанияның қызметі және дамудың алдағы перспективалары жайлы баяндады.  

ҚР президенті Н. Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауына сәйкес еліміздің тау-кен металлургия кешені экономикалық өсім үшін өзінің стратегиялық мәнін сақтап қалуы тиіс. Осыған байланысты бұл компаниялармен жаңа нарықтарға шығу, жеткізу географиясын және минералды-шикізаттық базаны кеңейту бойынша жұмыс жүргізу керек.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу