Бақытжан Сағынтаев: Қытайға стандарттарға сәйкес келетін өніммен шығатын боламыз

841

Бақытжан Сағынтаев: Қытайға стандарттарға сәйкес келетін өніммен шығатын боламыз

Қазақстан Қытаймен сауда-саттықта арадағы барлық кедергілерді алып тастады, деп мәлімдеді бүгін Астана экономикалық форумы аясындағы инновациялық саммит барысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, деп хабарлайды naryk.kz.

"Әрине, Қытай нарығына бірден шыға салуға болмайды. Осы орайда аталған елмен ірі қара мал етінен басқа ауыл шаруашылығының барлық негізгі түрлері бойынша уағдаластыққа қол жеткіздік. Атап айтқанда, қазіргі кезде барша сауда кедергілерін жойып, тиісті келісімге қол қойдық. Біз Қытайға стандарттарға сәйкес келетін өніммен шығатын боламыз. Осы орайда қытайлық стандартпен өндіру үшін технологиялар трансферті қажет",- деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, бүгін басталған Астана экономикалық форумына 100 елден 4 мың делегат қатысуда. Олардың арасында саясаткерлер, экономистер, қаржылық ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу