Бақытжан Сағынтаев Латвия президенті Раймондс Вейониспен кездесті

675

Бақытжан Сағынтаев Латвия президенті Раймондс Вейониспен кездесті

Бақытжан Сағынтаев Латвия президенті Раймондс Вейониспен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм салаларында, сондай-ақ білім беру, азаматтық авиация және медициналық туризм кадрларын даярлау саласындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. 

Транзиттік-көліктік бағыттағы өзара іс-қимыл мәселелеріне және шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Айта кетсек, Қазақстан мен Латвия арасындағы сауда айналымы 2016 жылы 126,2 млн. долл. құраған (экспорт – 93,5 млн. долл., импорт – 32,7 млн. долл.).

2017 жылдың қаңтар-сәуіріндегі сауда айналымы $31,8 млн. (экспорт – $25,3 млн., импорт – $6,5 млн) болды. Бүгінде Қазақстанда 60-тан астам қазақстандық-латвиялық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев Лондон Ситидің Лорд-мэрі Эндрю Пармлимен кездесті
Кездесу барысында ірі трансұлттық компаниялармен өзара іс-қимыл, қаржы қызметтерін, шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу