Бақытжан Сағынтаев макарон цехының жұмысымен танысты

686

Бақытжан Сағынтаев макарон цехының жұмысымен танысты

Бүгін Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Сәтпаев қаласындағы "Ханум" макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорынды аралау барысында өңірде ШОБ дамыту қарқынымен, сондай-ақ "Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасын іске асыру барысымен танысты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Өңірде бағдарлама бойынша 65 жоба қолдауға ие болды. Бұдан өзге, "Бизнестің жол картасы — 2020" бағдарламасы аясында қаржылық қолдау шараларымен 33 жоба қамтылды.

Басымдықты салаларда бизнесті субсидиялау үшін жергілікті бюджеттен қосымша 500 млн теңге бөлінеді. Мұндағы бизнес жүргізуге болатын әлеуетті салалар — азық-түлік өндірісі, өнеркәсіп, туризм секторы және қызмет көрсету салалары. Мақсат — тауарлар өндірісі мен қызмет көрсету көлемін екі есеге арттыру.

"Ханум" макарон өнімдерін шығаратын цехын тексеру барысында кәсіпорын басшысы М. Жағыпаров жобалық қуаттылығы — сағатына 200 кг, жылына — 3000 тонна макарон өнімдерін құрайтынын мәлімдеді. Алты айда 5,5 тонна өнім шығарылған.

Кәсіпорын өткен жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді. Жобаны іске асыру импортты алмастыруға, сондай-ақ Жезқазған өңірінің экономикасын әртараптандыруға ықпал етеді.

Қазіргі таңда өнімдер Жезқазған, Сәтпаев және Ұлытау дүкендері мен супермаркеттеріне жеткізіледі. Келешекте макаронның жаңа түрлерін шығару, кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыру, сондай-ақ Қазақстанда және шетелде өткізу нарығын кеңейту көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу