Бақытжан Сағынтаев Президентке өтініш білдірді

930

Ол ЖЭО-2-нің газға өтуін жылдамдату үшін көмек сұрады.

Бақытжан Сағынтаев Президентке өтініш білдірді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорына ЖЭО-2-нің газға өтуін жылдамдатуды тапсыруын сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкім экология мәселесі барлық қала тұрғындарын алаңдатып отырғанын атап өтті. Қауіпті факторлардың бірі – зиянды заттардың шығарылуы.

"2018 жылы қоршаған ортаға шығарылған зиянды заттардың жалпы көлемі 123 мың тоннаны құрады, оның ішінде ЖЭО-2 үлесі 27% болды. Қазіргі уақытта "Самұрық-Энерго" АҚ қолданыстағы стансаны газға ауыстыруды көздейтін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуде. Жобаны іске асыру арқылы атмосферадағы зиянды шығарындылардың үлесін 17 есе азайтуға мүмкіндік бар. Осы жобаның әлеуметтік маңызын ескере отырып, "Самұрық-Қазынаға" сәйкес құжаттамалар әзірленіп болған соң, барлық процедураларды тездетуді тапсыруыңызды сұраймын", – деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Алматыны әлеуметтік-экономикалық дамытуға арналған отырыста.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу