Бақытжан Сағынтаев ШЫҰ мен ЭСКАТО-ға мүше елдердің өкілдерімен кездесті

766

Бақытжан Сағынтаев ШЫҰ мен ЭСКАТО-ға мүше елдердің өкілдерімен кездесті

Бақытжан Сағынтаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz

Сочиде ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамда өткен XVI отырысына қатысты. Сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің және БҰҰ Азия-Тынық мұхит өңірі бойынша экономикалық-әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) ұйымының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Отырысқа Ресей премьер-министрі Д. Медведев, Өзбекстан премьер-министрі А. Арипов, Тәжікстан премьер-Министрі К. Расулзода, Қырғызстан премьер-министрі С. Исаков, ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Л. Кэцян қатысты. Үкімет басшыларының кездесуі ШЫҰ жаңа мүшелерінің қатысуымен алғаш рет өтті, олар: Пәкістан — премьер-министрі Ш. Аббаси және Үндістан — сыртқы істер министрі С. Сварадж.

Шағын құрамда өткен отырыста аймақтағы және бүкіл әлемдегі қазіргі экономикалық жағдай, экономикалық және гуманитарлық өзара іс-қимылды тереңдету, сондай-ақ транзиттік-көлік әлеуетіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, қазақстандық тарап азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес өкілдері арасындағы ынтымақтастықты дамыту, білім беру мен мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ қоршаған ортаға техногенді ықпал ету проблемасын жан-жақты шешу мәселелерін көтерді.

Кеңейтілген құрамдағы отырыс бақылаушы мемлекеттер: Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия өкілдерінің, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян мен бірқатар халықаралық және өңірлік ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу