Бақытжан Сағынтаев: Тікұшақ мұндай биіктікте ұшпайды

1429

Алматы әкімі Іле Алатауында қалып қойған альпинистерді құтқаруға жаяу іздестіру тобы мен құтқару тікұшағы жіберілгенін хабарлады. 

Бақытжан Сағынтаев: Тікұшақ мұндай биіктікте ұшпайды

Тауда қалған альпинист Мұрат Өтепбаевтің қызы Айгүл қазіргі кезде кәсіби альпинистерді іздестіруде. Ол арнайы іздестіру тобын жасақтап, құтқару жұмыстарына ең қажетті Тепловизор жабдығын уақыт өткізбей жеткізсек дейді. Себебі альпинистер шамамен тамыздың 16-17-нен байланысқа шықпаған.

"Абалаков маршруты бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қазір бізге команданы алып жүретін, осы маршрутты бес саусағындай білетін альпинист керек. Бұл өте қауіпті жол айырығы. Тек осы жазда бұл биіктікте болған альпинистер қажет. Сондай-ақ, кеше ағам әкеме үш рет хат жазды. Олардың екеуі жетті. Біреуі бармады. Біз шын жүректен әкем Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевтің аман-есен оралуын тілейміз",– деді Мұрат Өтепбаевтің қызы Айгүл.

Қазіргі кезде Қырғызстан ТЖМ өкілдері тауда қалған альпинистердің байланысқа шыққан нүктесін анықтау үшін Дубайдағы арнайы мекемеге хат жазға. Санаулы минуттарда олардың нақты координаттары анықталады деп күтулуде.

Бұл ретте қала әкімі Бақытжан Сағынтаев та өзінің Инстаграм парақшасында құтқару жұмыстарының басталғандығы туралы хабарлады.

"Таңертеңнен Іле Алатауының Қырғызстан жағында альпинистер тобы жоғалып кетті деген хабар жетті. Біздің альпинистер Қырғызстан аумағында қар құрсауында қалып қойғандықтан, жұмыс барысын ҚР СІМ мен ТЖМ қадағалауда. ІІМ іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кетті. Хан Тәңірі тауынан іздестіру аумағына жаяу іздестіру тобы мен құтқару тікұшағы жіберілді. Қиыны сол, тікұшақ мұндай биіктікте ұшпайды. Ең жоғары ұшатын биіктігі 4500 метр. Ары қарай құтқарушылар мен еріктілер іздестіру жұмыстарын жүргізбек. Қызғызстандық әріптестеріміздің қолдауына сенеміз",– деп жазды қала әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, алматылық альпинист Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев Таянь-Шань тауының Қырғызстан жағында қар құрсауында қалып қойған болатын.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу