Бақытжан Сағынтаев Зерделі ықшамауданының тұрғындарымен кездесті

554

Қала әкімі барлық үйлердің тексеріліп, қажет болса күшейтілетінін мәлімдеді. 

 Бақытжан Сағынтаев Зерделі ықшамауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Зерделі ықшамауданының тұрғындарымен кездесіп, үйлерді тексеру мен нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов "Инстаграмда" жазды.

Оның айтуынша, ықшамаудандағы жағдай қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жіті бақылауында.

"Алатау ауданын аралаған кезде Б.Сағынтаев осы ықшамауданның тұрғындарымен кездесіп, үйлерді тексеру мен нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Қала әкімі барлық үйлердің тексеріліп, қажет болса күшейтілетінін мәлімдеді. Қаражат бөлінді, жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ Б.Сағынтаев ықшамаудан аумағын ағымдағы жөндеу және абаттандыру бойынша сұрақтарға да жауап берді. Алатау ауданының әкімі А.Қалдыбековке тиісті тапсырмалар берілді",– деп жазды әкімдіктің ресми өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу