"Үлкеннің үлгісімен өседі емес пе?!": Дана Нұржігіт балабақшадағы балалардың төбелесіне пікір білдірді

1528

Бұл туралы танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Үлкеннің үлгісімен өседі емес пе?!": Дана Нұржігіт балабақшадағы балалардың төбелесіне пікір білдірді Фото: @dana_nurzhigit

"Мынандай қатыгездік бөбек жүрегіне қалай,қашан қонған?! Жан дауысы шыққан өзі сияқты баланы аяусыз теуіп, үсті-үстіне жұдырықтап жатқаны көргенін істегені… басқа не айтуға болады? Бала үлкеннің үлгісімен өседі емес пе?! Балалы үйде ұрлық жатпайды дейміз ғой, балалы үйде небір ата-аналар барын бала айтпаса да, әрекеті айшықтап береді. Алматының 51-бөбек жайындағы мына оқиға қоғамды қатыгездік жайлаған, тіпті тамырлап кеткенін аңғартады. Отбасынадағы зорлық-зомбылықтың қандай деңгейге жеткенін көріп отырмыз. Үлкенді заңмен тоқтата алмай жатырмыз. Балаға не айтасың, ал?" – деп жазды ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу