Балабақша педагогтерінің жалақысы көбейтіледі

658

Балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы төмен, жүктемесі көп. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Балабақша педагогтерінің жалақысы көбейтіледі

Қазіргі уақытта балабақшаларда бір педагогке 25 баладан келеді. Орташа жалақылары 147 мың теңгені құрайды. Бұл республика бойынша орташа жалақыдан төмен.

"Екі-алты жастағы балаларды кезекте тұрған балалардан есептесек, қамту көрсеткіші 88%-ды, 3-6 жастағылардың 98%, ал жалпы балалардың санынан – 57,68%-ды құрайды. Сондықтан Президенттің тапсырмасының шеңберінде балабақша педагогтерін аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіліп, жалақылары көбейтіледі", – деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу