Балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру ауқымы кеңейтілді

81

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес пилоттық жоба 20 қала, 16 ауданда жүзеге асырылып жатыр. 

Балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру ауқымы кеңейтілді Фото: basta.kz

Қазақстанда "Ақша балаға беріледі" қағидаты негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда орындар бөлудің жаңа механизмі енгізілді. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Биыл "Ақша балаға беріледі" қағидаты негізінде ваучерлік қаржыландыру механизмін өңірлерде кеңінен тарату арқылы балабақшаларға кезек саны 2 есеге дейін азайды. Пилоттық жобаға 5,6 мың мектепке дейінгі ұйым қатысып, 788 мың балаға ваучер берілді. Ваучерлік қаржыландыру 21,8 миллиард теңге бюджет қаражатын үнемдеп, ол балаларға жаңа ваучерлер беруге қайта жұмсалды", – деді оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу