Балалар арасында індеттің таралуы жалғасып жатыр – Айжан Есмағамбетова

536

Бір күнде 55 бала коронавирус жұқтырған.

Балалар арасында індеттің таралуы жалғасып жатыр – Айжан Есмағамбетова

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова екінші тоқсан бастала салысымен елордада бір мектеп карантинге жабылғанын айтты.

"Карантинге бірінші тоқсанда Шығыс Қазақстан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысыда мектептер жабылды. Ал кеше, яғни екінші тоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында бір мектеп жабылды. Сондай-ақ, кеше онлайн және офлайн оқитын 55 бала коронавирус жұқтырған. Олардың 14-і мектепке барып оқыған, ал 41 бала қашықтан оқыған. Балалар арасында індеттің таралуы жалғасып жатыр. Оны күн сайын бақылап отырмыз. Карантинге бүкіл мектепті жабу немесе тек сыныпты ғана жабу туралы шешім мектептегі эпидемиологиялық шараларға, тексерулер нәтижесіне байланысты қабылданады. Мектеп карантинге кемінде 14 күнге жабылады", – деді Айжан Есмағамбетова.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу