Балалар ойыншықтарына зертханалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі артады

765

Қазақстанда санэпидқызметтің материалдық-техникалық жабдықталуы күшейтіледі.

Балалар ойыншықтарына зертханалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі артады

12 зертхана жоғары технологиялық жабдықпен жарақтандырылады. Бұл улы элементтерді, тұздар мен металдарды анықтау мақсатында тамақ өнімдеріне, балалар ойыншықтарына, суға және басқа да өнімдерге зертханалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Жолдау бойынша өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сондай-ақ медициналық бұйымдарды зертханалық және техникалық сынақтардан өткізу орталығы құрылмақ. Айтуынша, бұл халықаралық стандарттар бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына сынақтар жүргізуге мүмкіндік береді.

"Пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстан Үкіметі халық арасында салауатты өмір салтына ерекше көңіл бөледі. "Дені сау ұлт" ұлттық жобасында салауатты өмір салтына ерекше көңіл бөлініп, нақты шаралар айқындалды. Бұл 2025 жылға қарай салауатты өмір салтын ұстанатын ҚР азаматтарының үлесін 45%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді", - дейді Ералы Тоғжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу