Балалар спортын қолдауға бөлінетін қаржы айтарлықтай ұлғаяды

322

Туризм және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде (БЖСМ) жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін енгізіп отыр.    

Балалар спортын қолдауға бөлінетін қаржы айтарлықтай ұлғаяды Фото: insports.kz

Жаңа тетікке сәйкес, бір спортшыға бөлінетін жылдық қаржы көлемі орта есеппен 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге дейін өседі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осылайша, балалар спортына бағытталатын қаражат шамамен екі есеге жуық артады.

Министрлік мәліметінше, бұл қаржыландыру моделі спорт саласындағы тиімділікті арттыруды көздейді. Жүйе 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап еліміздегі барлық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде толық қолданысқа енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу